Русский
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстан әуе қатынасын тоқтатқан елдермен шектеу мерзімін наурыз айына дейін ұзартты
23:25 / 2021-01-29

Өзбекстан коронавирустың жаңа түрі тарала бастаған сегіз елмен әуе қатынасындағы шектеулерді 1 наурызға дейін ұзартты.

Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі Республикалық арнайы комиссияның шешімін жариялады. Онда, Ұлыбритания, Италия, Германия, Дания, Австрия, Австралия, Нидерланды және Оңтүстік Африка Республикасынан Өзбекстан аумағына кіруге және шығуға тыйым салу мерзімі көктемің алғғашқы күніне дейін күшінде қалады.

Өзбекстан аумағына коронавирустың кіріп келуі және таралуын болдырмау және іс-шаралар бағдарламасын дайындау жөніндегі Республикалық арнайы комиссия бұл шектеуді 2020 жылдың 21 желтоқсанынан 2021 жылдың 10 қаңтарына дейін ұзартқан еді.  

Айта кету керек, соңғы 14 күн ішінде жоғарыдағы тізімдегі 8 елде болған адамдарға шектеу кезеңінде Өзбекстанға кіруге тыйым салынады. Сонымен қатар үшінші елдер арқылы Өзбекстанға келетін ӨР азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар 14 күндік уақытша карантиндік кешенде немесе қонақ үйде карантинге алыну процесі жалғасатын болады.