Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстан туристер үшін Орталық Азиядағы ең қауіпсіз ел деп танылды
17:45 / 2023-12-25

Өзбекстан туристік қауіпсіздік бойынша Орталық Азиядағы ең үздік ел деп танылды. Ал, туристерге медициналық қызмет көрсету бойынша Қазақстан өңірде үздік болды.

Бұл туралы туристерге қауіпсіздік және медициналық қызмет көрсетуге маманданған International SOS ұйымының мамандары қорытынды жасаған.

Интерактивті тәуекелдер картасына сәйкес Өзбекстан қауіп деңгейі төмен елдер қатарына кірген. Елде зорлық-зомбылық, тәртіпсіздіктер мен лаңкестік әрекет деңгейі төмен, қауіпсіздік пен төтенше жағдайлар қызметі тиімді және инфрақұрылымы жақсы екені көрсетілген.

Қауіп деңгейі орташа елдер тобына Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Түркіменстан елдері кірген.

Жалпы алғанда, карта қауіптіліктің бес деңгейін көрсетеді - төменнен өте жоғарыға дейін.

Туристер үшін әлемдегі ең қауіпсіз елдер – Швейцария, Словения, Дания, Норвегия, Финляндия, Исландия және Гренландия аралы. Ауғанстан, Украина, Ирак, Йемен, Ливия, Сомали және Оңтүстік Судан аса қауіпті елдер қатарына жатқызылған.