Өзбекстан түрмелерінде тауар сатып алатын ақпараттық дүңгіршектер орнатылады
«Өзбекстан Республикасы Ішкі істер министрлігі жанындағы Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті және оның жүйесіндегі жазаны өтеу мекемелерінің ғимараттары мен құрылыстарын тиімді пайдалану және салаға заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгізу туралы» Үкімет қаулысы қабылданды.
Құжатпен Ішкі істер министрлігіне қарасты Қылмыстық-атқару департаментінің және оның жүйесіндегі ҚАЖ мекемелерінің мүлкін, ғимараттары мен құрылыстарын жалға беру тәртібі туралы ереже бекітілген.
Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті сотталғандардың қажеттіліктерін ескере отырып, ҚАЖ мекемелерінде орнатылатын ақпараттық дүңгіршектердің саны мен техникалық талаптарын белгілейді.
Осыған орай департамент ақпараттық дүңгіршектерді орнату бойынша іріктеу комиссиясын құрады және бұл комиссия сотталғандар мен олардың туыстары электронды дүкендер арқылы тауарларды сатып алу үшін инфокиосктарды орнатуға ниет білдірген инвесторларды анықтауда мерзімді басылымдарда және Ішкі істер министрлігінің ресми сайтында конкурс жариялайды, делінген хабарламада.