Өзбекстан-Түркіменстан демаркациялау комиссиясының жұмыс топтарының отырысы өтті
2024 жыл 5-11 қаңтары аралығында Бұхара қаласында Өзбекстан-Түркіменстан бірлескен демаркация комиссиясы жұмыс топтарының кезекті отырысы өтті.
СІМ мәліметінше, кездесуде Өзбекстан-Түркіменстан мемлекеттік шекарасының кейбір учаскелерінде картографиялық материалдарды дайындау және дала жұмыстарын жүргізу мәселелері талқыланды.
«Кездесу достастық және өзара ынтымақтастық жағдайында өтті. Шара соңында тиісті Хаттамаға қол қойылды. Келесі кездесу Түрікменстан аумағында өтеді», делінген хабарламада.