English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстан ТМД елдерінің ішіндегі ең бақытты елге айналды
13:07 / 2021-03-23

World Happiness Report әлемдегі ең бақытты елдердің рейтингін жариялады. Рейтингте өмір сүру ұзақтығы, әлеуметтік көмек, сыбайлас жемқорлық және тағы басқалар сияқты маңызды факторлар ескерілген.

Осы критерийлер бойынша әлемдегі ең бақытты ел ретінде Финляндия мемлекеті лайық деп табылған. Үздік бестікке Исландия, Дания, Швейцария және Нидерланд елдері енсе, ТОП-10 қатарында Швеция, Германия, Норвегия, Жаңа Зеландия және Австрия елдерін көруге болады.

Ресми 2021 жылғы әлемдік бақытты елдер тізімінде Өзбекстан 42 орынға тұрақтап, ТМД мемлекеттері арасында көш бастады. Кейінгі орындарда Қазақстан 45, Молдова 65, Қырғызстан 67, Беларусь 75, Ресей 76, Әзірбайжан 90, Тәжікстан 78, Түркіменстан 97 орынға жайғасқан. 

Рейтингтің соңғы орындарында Руанда, Зимбабве және Ауғанстан елдері орын алған.