Өзбекстан телеарналарында әр сенбі сайын «Ұлттық кино күні» өтеді
Өзбекстан телеарналарында әр сенбі сайын «Ұлттық кино күні» ретінде өткізу туралы шешім қабылданды.
Кинематография агенттігінің хабарлауынша, мемлекеттік және мемлекеттік емес телеарналарда тек ұлттық фильмдер көрсетілетіні атап өтілді. Бұл шетелдік киноқорлардан қайтарылған өзбек фильмдерінің стандартты көшірмелері екені атап өтілген.
Шараның мақсаты – ұлттық мүддені қорғау, ұлттық мәдениет пен құндылықтарды сақтау, келешек ұрпаққа жеткізу, жастарды жоғары патриоттық рухта тәрбиелеу.