Русский
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстан Таяу Шығыстағы қақтығысты тоқтатуға шақырды
18:14 / 2021-05-12

Өзбекстан Сыртқы істер министрлігі Палестина мен Израиль арасындағы қақтығыстың өршуіне байланысты мәлімдеме жасап, тараптарды қантөгісті тоқтатуға шақырды.

«Өзбекстан Республикасы Шығыс Иерусалимдегі жағдайдың ушығуына қатты алаңдаушылық білдіреді.

Біз тараптарды зорлық-зомбылықты тоқтату, жағдайды тұрақсыздандырмау және одан әрі қантөгіске жол бермеу, мұсылман әлемі үшін қасиетті саналатын Ораза айт қарсаңында жанжалды шешу үшін бар мүмкіндікті салуға шақырамыз.

Біз Иерусалимдегі және әл-Ақса мешіті мен басқа да қасиетті орындардың - статус-квоға қол сұғылмаушылықты қамтамасыз ету маңызды деп санаймыз.

Палестина-Израиль мәселесі халықаралық құқық нормалары, Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік Кеңесі қабылдаған бұрынғы қарарлар және «екі мемлекет екі халыққа» қағидаты негізінде шешілуі керек», делінген СІМ мәлімдемесінде.

Еске сала кетейік, Иерусалимдегі әл-Ақса мешітінде Израиль полициясы мен палестиналықтар арасындағы қақтығыстан кейін  Газа секторын бақылайтын ХАМАС тобы Израиль аумағына зымырандық шабуылдар жасады. Бұған жауап ретінде Израильдің әуе күштері Палестина территорияларына әуе соққыларын бастады. 12 мамырдағы жағдай бойынша шабуылдардан 40 адам - Газада 35 және Израильде 5 адам қаза тапты.