Өзбекстан, Ташкентте құрылып жатқан жер үсті метросы үшін жаңа вагондар сатып алды
Өзбекстан темір жолдары АҚ мен Ресейдің «Метровагонмаш» АҚ, биылғы жылдың сәуір айында орнатқан келісім-шартына сәйкес, Ташкент метрополитенінде жаңадан салынған жер үсті жолдары үшін жаңа буын метро вагондары жеткізіп береді.
Өзбекстан темір жолдары АҚ мен Ресейдің «Метровагонмаш» АҚ, биылғы жылдың сәуір айында орнатқан келісім-шартына сәйкес, Ташкент метрополитенінде жаңадан салынған жер үсті жолдары үшін жаңа буын метро вагондары жеткізіп береді.
Ресейде арнайы Өзбекстан үшін жасалып жатқан вагондар Өзбекстан ұлттық туының сүреті тәпсірленген түрде шығарылуда. Қазіргі уақытта алғашқы 3 құрамды вагондары дайын болу үстінде.

Аталған жаңа буын вагондары 81-765/766/767 – сериясына жататын болып, олар электр энергиясыны 35 пайызға дейін тежеу мүмкіндігіне ие. Вагондарда орнатылған үшінші буын асинхрон двигателдері болса – 40 пайызға дейін электр энергиясыны үнемдейді.

Бұл вагондардың ескі үлгідегісіне қарағанда тағы бір артықшылығы - вагондар арасында ауысу мүмкіндігі бар, яғни бір вагоннан басқасына өтіп жүруге болады. Сондай-ақ, вагондар сыртқа ашылатын қолайлы есігімен, кондиционер, желдету және жылыту жүйесі және бейне камерамен жабдықталған. Бір сөзбен айтқанда барлық қолайлық пен мүмкіндіктерге ие .

Жаңа метро вагондарын сатып алу үшін Өзбекстан темір жолдары Ресейлік ВТБ банкінің кредиттері, Өзбекстанның Қайта құру және даму қоры мен мемлекеттік бюджет несиелерінен пайдаланған.

Өзбекстан темір жолдары АҚ-ның баспасөз қызметі хабары.