Oʻzbek
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстан тарихында алғаш рет «Еуро-4 және «Еуро-5» сапасындағы дизел отыны шықпақ
08:20 / 2020-04-01

Бұл түрдегі дизел жанармайы двигатель жұмыс істеуін жақсартып, экологияға зиянды түтінді азайтады


Ел аумағындағы отын энергетикасы өндірісінің жетекші компаниясы «Узбекнефтгаз» 30 наурыз датасынан бастап алғаш рет «Еуро-4 және «Еуро-5» класындағы экологиялық таза сападағы дизел отыны шығаруды жолға қойды.

Бұл жанармай зауытының жолға қойылуында Францияның «Axens» компаниясы мен Бұқара мұнай қайта өңдеу зауыты мамандары өзара ынтымақтастықта жолға қойған болып, зерттеулерге сәйкес алынған дизель отынындағы күкірт қоспасының мөлшері 3 ppm. Ол Евро-5 класты дизель отынына сәйкес келеді (10 ppm-нен аспайды). Құрылғы қолданыстағы технологиялық схема бойынша жылына 100000 тонна Евро-5 дизель отынын шығара алатын қуатқа ие.

Атап айтқанда, бұл түрдегі дизел жанармайы двигатель жұмыс істеуін жақсартып, зиянды түтінді азайтады.