Өзбекстан тарапы Ауғанстандағы апат салдарын жоюға көмектесуге дайын – СІМ
Өзбекстан Сыртқы істер министрі Бахтиёр Саидов көрші мемлекет Ауғанстанда болған жойқын зілзалаға байланысты «Талибан» үкіметі мен Ауғанстан халқына көңіл айтты.
«Мыңдаған адамның өмірін қиған әрі ауқымды қирауларға себеп болған бұл үрейлі зілзалаға байланысты Ауғанстан халқы мен үкіметіне терең қайғымызды білдіреміз.
Қаза тапқандардың отбасыларына шын көңілден қайғыра көңіл айтамыз, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін тілейміз.
Ауыр күндерде бауырлас Ауғанстан халқымен біргеміз және осы қайғылы табиғи апаттың салдарын жоюда жан-жақты көмек көрсетуге дайын екенімізді білдіреміз», — деп жазды Б.Саидов өзінің Telegram-арнасында.