English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстан тағы жеті елдің азаматтарына визасыз кіруге рұқсат берді
19:42 / 2025-10-26

Қазіргі таңда Өзбекстанға виза рәсімдемей-ақ кіре алатын мемлекеттер саны 86-ға жетті.

Өзбекстан Үкіметі азаматтары республика аумағына 30 күн мерзімге визасыз кіруге мүмкіндік берілген мемлекеттер тізімін тағы жеті елмен толықтырды. Министрлер Кабинетінің қаулысына сәйкес, енді Бахрейн, Оман, Иордания, Қатар, Қытай, Кувейт және Сауд Арабиясы азаматтары Өзбекстанға визасыз келе алады.

Сол құжатқа сай, Австрия, Бельгия, Ұлыбритания, Германия, Испания, Италия, Латвия, Малайзия, Франция, Чехия, Швейцария және Жапония азаматтары үшін бизнес-виза рәсімдеу мерзімі екі күнмен шектеледі. Ал БАӘ, Иран және Пәкістан азаматтары бизнес-визаны үш күн ішінде ала алады.

Айта кетсек, қазіргі таңда Өзбекстанға визасыз кіруге мүмкіндік берілген елдер саны 86-ны құрайды. Ең кейінгі болып тізімге Қытай қосылған еді. Бұған дейін қытай азаматтарына Өзбекстанға 7 күндік визасыз кіру рұқсат етілсе, енді бұл мерзім 30 күнге дейін ұзартылды.