Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстан тағы бір халықаралық келісімді радификациялады
09:37 / 2020-04-27

Өзбекстан Республикасы Президенті келісімды мақұлдау туралы жарлыққа қол қойды


Өзбекстан Республикасы Президенті кедендік ынтымақтастық жөнінде «Уақытша әкелу туралы конвенцияны» мақұлдау туралы жарлыққа қол қойды.

Конвенция (Стамбул 1990 жылғы 26 маусым) негізінде Өзбекстан мына қосымшаларын қабылдайды:

А-қосымша «Уақытша әкелу құжаттары туралы (АТА карнеттері мен СРD карнеттері)»;

B.1-қосымша «Көрмелер, жәрмеңкелер, конференциялар немесе осыған ұқсас іс-шараларда көрсетуге әлде пайдалануға арналған тауарлар туралы»;

B.2-қосымша «Кәсіби жабдықтар туралы»;

B.3-қосымша «Коммерциялық операцияларға байланысты әкелінген контейнерлер, тұғырлар, орамдар, сынамаларға және басқа тауарлар туралы»;

B.5-қосымша «Білім беру, ғылыми немесе мәдени мақсаттар үшін әкелінген тауарлар туралы»;

B.6-қосымша «Туристердің жеке мүлкі мен спортпен шұғылдану мақсатында әкелінетін тауарлары туралы»;

Хабарда айтылуынша, конвенция әкелу баждары мен салықтарды төлеуден шартты түрде босатылған және экономикалық сипаттағы импортқа тыйым салулар мен шектеулер қолданбай белгілі бір тауарлар мен көлік құралдарын кедендік аумаққа әкелуді реттейді.

Өзбекстан тарапынан жауапты уәкілетті орган - Мемлекеттік кеден комитеті. Ведомство 2 айдың ішінде Конвенцияны қолдану ережелерін бекітуі керек. Өзбекстанның Сауда-өнеркәсіп палатасы уақытша әкелу туралы құжаттар шығарады және уақытша әкелу шарттары бұзылған жағдайда кедендік баждардың төленуіне кепілдік береді.

Құжат Ұлттық заң базасында жарияланды және 24.04.2020 жылынан күшіне енді.