Өзбекстан Түркі кеңесінің толыққанды мүшесі болды
Өзбекстан саммитте ресми түрде толыққанды мүше ретінде қатысып, кеңеске мүше Мемлекет басшыларының құттықтауларына бөленді.
Әзірбайжан астанасы Баку қаласында 15-ші қазан күні Түркі тілді мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесінің жетінші саммиті өтті.
Онда, ұйымға мүше мемлекеттердің басшылары - Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзияев, Әзірбайжан Президенті Ильхам Алиев, Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған, Қырғыстан Президенті Сооронбой Жээнбеков, Қазақстанның Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қатысып, атаулы саммитке Венгрия Премьер-Министрі Виктор Орбан мен Түркіменстан Министрлер Кабинеті Төрағасының орынбасары Пурли Агамуродов күзетуші ретінде қатысты.
Өткен жылы қыркүйек айында Қырғыстанда өткен жиында Өзбекстан күзетуші ретінде қатысқан болатын. Ал биыл 14 қыркүйекте Өзбекстан Республикасы Түркі тілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесін құру туралы Нахчыван келісімін ратификациялады. Осылайша Өзбекстан ресми түрде толыққанды мүше ретінде саммите қатысып, оны кеңеске мүше елдер жылы қабылдап, құттықтауларын жеткізді.
Түркі кеңесіне мүше болу халқымыздың түпкі негіздеріне толығымен сәйкес келіп, бүгінгі таңда арамыздағы мәдени-рухани қатынастар ғана емес, сонымен бірге сауда-экономикалық қатынастарда жаңа деңгейге адымдап, соңғы үш жылда мемлекеттеріміз арасындағы тауар айналымы екі есеге артты. 1000-нан астам жаңа бірлескен кәсіпорындар құрылып, көлік бағыттары кеңейіп, визасыз режим арқылы туристер ағымы артып, сондай-ақ халықтарымыздың арасындағы бауырластық байланысы едәуір нығайуда, - деді Мемлекет басшысы.
Сонымен бірге Өзбекстан Президенті бұл кездегі Түркі тілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесіне төрағалықтың Әзірбайжан Республикасына өтуіне байланысты Ильхам Алиевті құттықтап, табыстар тіледі.
Саммит соңына қарай Түркі тілдес елдерінің алдағы жылдарға арналған маңызды құжжаттарына қол қойылды.













Сонымен Бакуге жасаған екі күндік сапарын аяқтап Шавкат Мирзияев Ташкентке қайтып келді.