Өзбекстан Сыртқы істер министрлігінің басшысы Қазақстан елшілігіне барды
12 маусымда Өзбекстан Республикасының Сыртқы істер министрі Бахтиёр Саидов Қазақстанның Ташкенттегі Елшілігіне барды.
СІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, Бахтиёр Саидов Қазақстанның Абай облысындағы орман өртінде қаза тапқандардың отбасы мүшелері мен туған-туыстарының қайғыларына ортақтасып көңіл айтты.
«Барлық зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін тілейміз», делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, бұған дейін Сыртқы істер министрі Бахтиёр Саидов Қазақстан СІМ басшысымен телефонда сөйлесіп, осы жағдайға байланысты көрші елдің министріне көңіл айтқан еді.