Өзбекстан сыртқы істер министрі Бахтиёр Саидов дәстүрлі 62-ші Мюнхен қауіпсіздік конференциясына қатысты.
Министрлік баспасөз қызметінің хабарлауынша, Бахтиёр Саидов Орталық Азия мемлекеттері бір аймақта тұрақты даму жолында түрлі мәселелерді бейбіт жолмен шеше алатынын мәлімдеген.
«Әлемнің әртүрлі аймақтарынан келген өкілдер қауіпсіздік саясатының негізгі мәселелерін талқылау үшін Германияда жиналды. Қазіргі таңда Орталық Азия мемлекеттері бір аймақта тұрақты даму жолында түрлі мәселелерді бейбіт жолмен шеше алатынын, туындайтын қауіп-қатерлерге қарсы бірігіп, одан әрі мықты бола алатынын айқын көрсетіп отыр», деген СІМ басшысы.

Форум барысында екіжақты, аймақтық және жаһандық деңгейдегі көптеген өзекті мәселелер бойынша пікір алмасулар жүргізілді. Атап айтқанда, Грузия, Кувейт, Сауд Арабиясы, АҚШ, Еуропа Одағы елдері және басқа мемлекеттерден келген дипломаттармен кездесулер өтті.


Форумда қол жеткізілген жетістіктер қарастырылып, жаңа перспективалық мақсаттар айқындалған.