Өзбекстан Сыртқы істер министрі «Lasselsberger Group» басшысымен кездесті
2023 жылдың 22 маусымында Өзбекстан Республикасының Сыртқы істер министрі Бахтиёр Саидов Австрияның «Lasselsberger Group» компаниясының басшысы Джозеф Лассельсбергермен кездесті.
СІМ мәліметінше, әңгімелесу барысында компанияның Өзбекстандағы қызметін одан әрі кеңейту мәселелері талқыланды.
«Қазірдің өзінде Самарқанд және Қашқадария облыстарында зауыттар ашу бойынша бірнеше жобаның қолға алынғаны атап өтілді. Сондай-ақ, компания түрлі салаларда бірқатар жаңа жобаларды жүзеге асыруды жоспарлап отыр», делінген хабарламада.