Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстан Сыртқы істер министрі Қатар елшісімен кездесті
13:13 / 2019-06-07

Өзбекстан Республикасы Сыртқы істер министрі Абдулазиз Комилов Қатар елінің Өзбекстандағы Төтенше және өкілетті елшісі етіп тағайындалған Муҳаммад Ҳамад ал-Хажрийни қабылдады.


Өзбекстан Республикасы Сыртқы істер министрі Абдулазиз Комилов 7 маусым күні Қатар елінің Өзбекстандағы Төтенше және өкілетті елшісі етіп тағайындалған Муҳаммад Ҳамад ал-Хажрийни (резиденциясы Тегеран қаласында) қабылдады.

Сыртқы істер министрі Абдулазиз Комилов елшіден сенім жарлығын қабылдаған соң, елшіні Өзбекстандағы қызметіне кіріскенімен құттықтап оған екі тараптық байланыстарды нығайтуға салмақты үлес қосуына сенім білдірді. 

Кездесу барысында Өзбекстан – Қатар арасындағы қарым-қатынасты дамытудың перспективалық бағыттары талқыланды. Бұл үшін сауда-экономикалық, инвестициялық, туризм, мәдени-гуманитарлық және басқа да салаларда тараптар айтарлықтай әлеуетке ие.

Келіссөздер барысында жылдың екінші жартысында үкіметаралық бірлескен комиссияның бірінші отырысын өткізу туралы ұсыныс мақұлданды. Сондай-ақ тараптар кейбір аймақтық және халықаралық мәселелер бойынша пікір алмасты.

Өзбекстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметі хабары.