Өзбекстан Ауғанстандағы су тасқынынан зардап шеккен халыққа гуманитарлық көмек жіберді.
Сұрхандария облыстық әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, гуманитарлық жүк керуеніМемлекет басшысының тапсырмасы негізінде Ауғанстанда болған су тасқынынан зардап шеккен халыққа көмек көрсету мақсатында, қажетті құрал-саймандар және азық-түлік «Айритом» шекара бекеті арқылы Балх облысына жеткізілді.
Гуманитарлық көмек құрамында 48 тонна ұн, 22 тонна күріш, 100 мың консерві және 44 тонна макарон өнімдері, 25 мың литр өсімдік майы, 100 мың дана жылдам дайындалатын лағман, сондай-ақ 10 адамға арналған арнайы жабдықтары бар 100 шатыр мен 1000 литрлі 96 дана суды сақтайтын ыдыс бар.
«Осыған орай Хайратон қаласындағы «Астрас» компаниясы президенттің Ауғанстан бойынша арнайы өкілі Исматулла Иргашев, Сұрхандария облысы әкімінің бірінші орынбасары Шерзод Раджабов және Ауғанстанның Балх аймағының ресми өкілдерінің қатысуымен гуманитарлық көмекті тапсыру рәсімі өтті», делінген хабарламада.
Ауғанстан тарапын Өзбекстан Президентіне және өзбек халқына қиын-қыстау кезеңде көрсетіп жатқан көмегі үшін алғыс білдірген.