Oʻzbek
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстан спортшылары Дүниежүзілік спорт ойындарына қатысады
11:54 / 2022-07-07

АҚШ-тың Алабама штатындағы Бирмингем қаласында XI Дүниежүзілік спорт ойындарына Өзбекстан спортшылары қатысады.

Әлемнің 110 елінен 3600-ге жуық спортшы қатысатын ойындар бүгін, 7 шілде күні старт алады.

4 жылда бір рет өткізілетін кешенді жарыс, өткен жылы өтуі тиіс еді. Бірақ эпидемиологиялық жағдайға байланысты негізінен олимпиадалық емес спорт түрлерінен өтетін жарыс 1 жылға кейінге шегерілді.

Ұлттық Олимпиада комитетінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Дүниежүзілік спорт ойындарында каратэден әлем чемпионы Достон Атаболаев, көркем гимнастикадан беделді жарыстардың жеңімпазы Екатерина Фетисова, ушу спорт түрінен Дарья Латишева, джиу-джитсудан әлем чемпионы Бахромжан Машарипов, муай-тайдан биыл чемпион атанған Фанат Кахрамановтар қатысады.

Дүниежүзілік спорт ойындары тарихында Өзбекстан спортшылары 1997 жылы қатысып, 1 алтын, 1 күміс, 2005 жылы 1 қола медаль жеңіп алған.

Жарыс бағдарламасына акробатика, мәнерлеп сырғанау, жағажай волейболы, боулинг, сумо, арқан тартыс сияқты спорттың 30 түрі енгізілген болып, ойындар 17 шілдеге дейін жалғасады.