Қытай – әлемде күрделі спорттық жарыстарды өткізуде алдыңғы қатардағы елдердің бірі. Ел астанасы Бейжің - жазғы және қысқы Олимпиада ойындарын өткізген әлемдегі жалғыз қала. Азия ойындары, Универсиада сынды кешенді жарыстардың осы елдің әр өңірінде бірнеше рет ұйымдастырылуы ел спорты инфрақұрылымының қарқынды дамып келе жатқанын аңғартады.
Осы орайда Қытай тәжірибесін зерделеудің пайдасы жақсы деген ойда «Ташкент-2025» Жастар Азия ойындарына арналған «Олимпиада қалашығын» құру жобасы аясында Өзбекстан Ұлттық Олимпиада комитеті, Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық министрлігі, «Бірыңғай тұтынушы қызметі» компаниясы мамандарынан құралған Өзбекстанспорттық делегациясы Қытайға сапарлады.

Жұмыс тобы 2022 жылғы қысқы Олимпиада ойындары үшін салынған «Бейжің ұлттық коньки тебу орталығына» барды. Оның кең мүмкіндіктерін зерттеді және қытайлық спорт мамандарымен сұхбаттасты.
Өзбекстан мамандары «Ташкент – 2025» жасөспірімдер Азия ойындарының құрылысына жауапты «China CAMC Engineering» компаниясының бас директоры Ли Хайсинмен Ташкентте салынып жатқан «Олимпиада қалашығында» атқарылып жатқан жұмыстарды талқылады.
Сапар барысында Өзбекстан өкілдері CNSG (China National Sports Group) компаниясының басшыларымен әкімшілік-ұйымдастырушылық бағыттағы ынтымақтастықтың жаңа аспектілері туралы кеңесіп, алдағы жоспарларды белгіледі.
