Өзбекстан СІМ Шығыс Иерусалимдегі жағдайдың ушығуына алаңдаушылық білдірді
Өзбекстан Шығыс Иерусалимдегі жағдайдың шиеленісуіне қатты алаңдайтынын мәлімдеді.
«Біз тараптарды шиеленісті ушықтырмауға және жанжалды тез арада шешу үшін барлық қажетті шараларды қабылдауға шақырамыз. Палестина-Израиль қақтығыстарын реттеу халықаралық құқық нормаларына сәйкес, Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің бұрын қабылданған қарарлары мен «Екі халық үшін екі мемлекет» қағидаты негізінде жүзеге асырылуы тиіс. Біз тараптарды жанжалды диалог пен дипломатия арқылы шешу үшін ұстамдылық пен саяси ерік көрсетуге шақырамыз», - делінген Сыртқы істер министрлігінің мәлімдемесінде.