Өзбекстан СІМ Сеулде бірқатар маңызды кездесулер өткізді
Оңтүстік Кореяға жұмыс сапармен барған Өзбекстан сыртқы істер министрі Бахтиёр Саидов бастаған делегация мүшелері Оңтүстік Кореяның іскер топ өкілдерімен бірқатар кездесулер өткізді.
– «CJ Group», «Youngone Corporation», «Hyundai Motor Group», Экономикалық даму және ынтымақтастық қоры, Корея өнеркәсіп федерациясының басшылығымен тиімді келіссөздер жүргіздік, – деп жазды елдің СІМ басшысы әлеуметтік желідегі ресми парақшасында. – Бірқатар перспективалы бағыттар бойынша қолданыстағы және жаңа бірлескен жобаларды жүзеге асыруды талқыладық.



Сонымен қатар, Өзбекстан сыртқы істер министрі Оңтүстік Корея Президенті Юн Сок Ёльдің қабылдауында болып, Корея сыртқы істер министрі Чо Тэ Ёльмен келіссөздер өткізді және «Орталық Азия – Корея Республикасы» 17-ші ынтымақтастық форумына қатысты.
ӨзА