Өзбекстан СІМ Палестина-Израиль қақтығысына қатысты мәлімдеме жасады
Өзбекстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Таяу Шығыстағы Палестина-Израиль қақтығысына қатысты мәлімдеме жасады.
«Өзбекстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі бейбіт тұрғындар арасында көптеген құрбандарға әкеліп соқтырған және бүкіл Таяу Шығыстағы жағдайды айтарлықтай қиындатқан Палестина-Израиль қақтығысындағы жағдайдың шиеленісуіне елеулі алаңдаушылық білдіреді.
Біз соғысушы тараптарды қарулы қақтығысты тезірек тоқтату және дағдарысты саяси және дипломатиялық жолдар арқылы шешу үшін барлық шараларды қабылдауға шақырамыз.
Кейінгі оқиғаларда қаза тапқандардың отбасыларына қайғырып көңіл айтамыз және барлық зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін тілейміз», делінген СІМ хабарламасында.