Өзбекстан СІМ орынбасары Италия, Қазақстан және Тәжікстан елшілерімен кездесті
Өзбекстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Бобур Усманов Италия, Қазақстан және Тәжікстан елшілерімен кездесті.
СІМ мәліметінше, 2023 жылғы 25 сәуірде Өзбекстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Бобур Усманов Италия Республикасының Елшісі Агостино Пинна, Қазақстан Республикасының Елшісі Бейбіт Атамқұлов, Тәжікстан Республикасының Елшісі Абдужаббар Рахмонзодамен кездесулер өткізді.
«Келіссөздер барысында осы елдермен саяси-дипломатиялық ынтымақтастықты, сауда-экономикалық және инвестициялық қарым-қатынастарды, мәдени-гуманитарлық және ғылыми-академиялық алмасуларды және өңіраралық байланыстарды кеңейту бойынша ұсыныстар талқыланды», делінген хабарламада.
Ведомство дерегінше, осы жылы өткізу жоспарланған түрлі деңгейдегі бірлескен іс-шаралардың кестесі және олардың ұйымдастырушылық аспектілері қаралған.