Өзбекстан СІМ басшысы Бахтиёр Саидов 1 желтоқсан күні Чэнду қаласында өткен Орталық Азия мен Қытай сыртқы істер министрлері кездесулерінің 5-ші кезеңіне қатысты.
«Бүгін Чэнду қаласында әріптестерімізбен Орталық Азия мен Қытай сыртқы істер министрлері кездесулерінің 5-ші кезеңін өткіздік», – деп жазды Өзбекстан СІМ басшысы өз Telegram арнасында.
– Бүкіл әлемде күшейіп келе жатқан сын-қатерлерге қарамастан, біз өңірде өсу, бірлік және сенімнің күшті әрі тұрақты үрдістерін көріп отырмыз. Орталық Азия мен Қытай нақты жобалар арқылы бар байланыстарды нығайтып, ынтымақтастықтың жаңа бағыттарын кеңейтуді мақсат етеді. Осы орайда басты мақсатымыз – елдеріміздің халықтарының әл-ауқатын арттыру, ұзақ мерзімді болашақты қамтамасыз ету. Бүгін осы форматтағы алғашқы саммитте қол жеткізілген келісімдердің жүзеге асырылуын және 2025 жылы өтетін саммитке дайындықты талқыладық. Кездесу барысында экономикалық ынтымақтастық, бейбітшілік және тұрақтылық, қоршаған ортаны қорғау, халық дипломатиясы және басқа да көптеген өзекті мәселелерге тоқталдық», делінген хабарламада.