Өзбекстан СІМ Үндістан мен Пәкістан арасындағы шиеленіске қатысты мәлімдеме жасады
Өзбекстан Республикасының сыртқы істер министрлігі Үндістан мен Пәкістан арасындағы ушығып бара жатқан жағдайға қатысты мәлімдеме жасады.
«Екі жақты сабырлық сақтауға, бейбітшілік пен тұрақтылық мүддесі негізінде әрекет етуге, жағдайдың одан әрі күрделенуінің алдын алу үшін дипломатиялық диалогқа басымдық беруге шақырамыз.
Өзбекстан жағдайды бәсеңдету мен бейбіт жолмен шешуге бағытталған кез келген халықаралық немесе өңірлік бастамаларды қолдауға дайын», – делінген хабарламада.
Еске салайық, 7 мамыр түні Үндістан Пәкістанға соққы жасаған. Нәтижесінде ондаған адам қаза тапты.