Өзбекстан СІМ: Мексикада тұтқындалған өзбекстандықтар анықталды
Өзбекстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Мексикада тұтқында болған өзбекстандықтар жайлы ақпарат берді.
«Соңғы күндері бірқатар БАҚ-та жарияланған ақпаратта Гомес-Паласио қаласында (Мексика) Өзбекстанның жеті азаматының ұсталғаны туралы хабар тарады.
Осыған байланысты Өзбекстанның Вашингтондағы елшілігі дереу Мексиканың АҚШ-тағы елшілігімен, Ұлттық көші-қон институты және осы елдің басқа да мекемелерімен келіссөздер жүргізді.
Нәтижесінде, дипломатиялық өкілдіктің ақпаратына сәйкес, осы уақытқа дейін барлық отандастарымыз босатылып, Шетелдік азаматтарды уақытша ұстау изоляторына орналастырған. Олардың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Барлық азаматтардың тегі анықталды», делінген хабарламада.
Ведомство дерегінше, қазіргі уақытта Өзбекстан азаматтарына консулдық құқықтық көмек көрсету бойынша мексикалық серіктестермен жұмыс жүргізілуде.