Өзбекстан СІМ Мальта елшісінен сенім грамоталарын қабылдап алды
Сыртқы істер министрі Бахтиёр Саидов Мальта Республикасының Өзбекстандағы алғашқы елшісі Кармело Ингуанезден сенім грамоталарын қабылдап алды.
«Бүгінгі күн тәртібінде екіжақты қатынастардың құқықтық негіздерін нығайту, парламенттер арасындағы достық топтарын құру, экономикалық ынтымақтастықты дамыту, туризмді қолдау, білім беру саласындағы байланыстарды нығайту және басқа да қатынастарды арттыру мәселелерін қарастырдық.
Сонымен қатар, дипломатиялық паспорт иелері үшін өзара визасыз режим енгізу туралы келісімге қол қойдық», деп атап өткен сыртқы істер министрі өзінің телегарам арнасында.