Chinese
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстан СІМ Кабулдағы жарылыстарға байланысты мәлімдеме жасады
23:20 / 2021-08-27

Өзбекстан Кабулда көптеген адамдардың өмірін жалмаған лаңкестік әрекеттерді қатаң айыптайды.

«Өзбекстан Ауғанстандағы барлық тараптарды ұлттық татуласуға және ортақ келісімге қол жеткізуге, көп ұлтты Ауғанстан халқының мүддесі үшін елде тұрақты және ұзақ мерзімді бейбітшілік орнатуға ұстамдылық пен конструктивті көзқарас танытуға шақырады.

Осынау аяусыз шабуылдар шағында қаза тапқандардың отбасыларына шын жүректен көңіл айтамыз.

Өзбекстан алдағы уақытта да ауғанаралық саяси процесті толық қолдайды және Ауғанстанда бейбітшілік пен өркендеуге қол жеткізуге жан-жақты көмек көрсетуді жалғастырады», делінген  Сыртқы істер министрлігінің хабарламасында.