Өзбекстан СІМ Жапония Либералдық-демократиялық партиясының вице-президентімен кездесті
2024 жыл 6 наурызда Өзбекстан Республикасының Сыртқы істер министрі Бахтиёр Саидов Жапония Либералдық-демократиялық партиясының вице-президенті, Жапония Парламентінде Өзбекстанмен достық лигасының төрағасы Таро Асомен кездесті.
СІМ мәліметінш, кездесу барысында екі елді жақындастыруда қоғамдық дипломатияның маңызды рөл атқаратыны айтылды.
«Министр Таро Асо мен оның командасына Өзбекстан-Жапония қарым-қатынастарын дамытуға үздіксіз қолдау көрсеткені үшін ризашылығын білдірді», делінген хабарламада.