Өзбекстан СІМ Италияның университет және зерттеулер министрімен кездесті
2024 жыл 29 мамыр күні Өзбекстан Республикасының Сыртқы істер министрі Бахтиёр Саидов Италияның Университет және зерттеулер министрі Анна Мария Бернинимен кездесу өткізді.
Тараптар білім беру саласында тығыз ынтымақтастық орнату, Өзбекстанға италиялық университеттерді көбірек тарту, бірлескен ғылыми жобаларды жүзеге асыру, жоғары экономикалық дамуды қамтамасыз ету үшін ғылыми әлеуетті нығайту, ректорлар форумын өткізу және басқа да мәселелер бойынша пікір алмасты.
« Сыртқы істер министрі Анна Берниниді жақын арада Өзбекстанға келуге шақырды», делінген хабарламада.