Өзбекстан СІМ Ирандағы тікұшақ апатына қатысты мәлімдеме жасады
Өзбекстан Республикасының Сыртқы істер министрлігіИранда елдің жоғары лауазымды өкілдері болған тікұшақ апатына қатысты мәлімдеме жасады.
«Иран Ислам Республикасының Президенті Ибрахим Раиси мінген тікұшақтың апатты жағдайда қонуы туралы хабарды қатты алаңдаушылықпен қабылдадық.
Өзбекстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі тікұшақ жолаушылары, соның ішінде Иранның жоғары лауазымды өкілдерінің тағдыры туралы ақпаратты жіті қадағалап отыр.
Барлық жолаушылар тез арада аман-есен табыларынасенеміз», делінген мәлімдемеде.
Сондай-ақ, Өзбекстан тарапы ирандық достарға қажет болған жағдайда барлық көмекті көрсетуге толықтай дайын екенін білдірген.