Өзбекстан СІМ «Hassad Food» компаниясының бас директорымен кездесті
2023 жылдың 10 желтоқсанында Өзбекстан Республикасының Сыртқы істер министрі Бахтиёр Саидов «Hassad Food» компаниясының бас директоры Али Хилал Әл Куваримен кездесу өткізді.
СІМ мәліметінше, күн тәртібінде ауыл шаруашылығы және азық-түлік қауіпсіздігі саласындағы қарым-қатынастарды кеңейту, технология және тәжірибе алмасу, перспективалық бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселелері қаралды.