Өзбекстан СІМ Газа секторындағы әуе шабуылына қатысты мәлімдеме жасады
Өзбекстан Сыртқы істер министрлігі Газа секторындағы Әл-Ахли ауруханасына жасалған әуе шабуылына қатысты мәлімдеме жасады.
«Газа секторындағы Әл-Ахли ауруханасына жасалған әуе шабуылы салдарынан көптеген адамның қаза тапқаны туралы хабарды терең қайғымен қабылдадық.
Біз бұл зорлық-зомбылық әрекетті қатаң айыптаймыз және оны халықаралық гуманитарлық құқықты өрескел бұзу деп санаймыз.
Марқұмдардың отбасылары мен туған-туыстарына көңіл айта отырып, қақтығысқа қатысушы тараптарды соғыс қимылдарын дереу тоқтатып, оқ атпауға шақырамыз», делінген СІМ хабарламасында.