Өзбекстан СІМ-де Иран және Израиль елшілерімен кездесулер өтті
Өзбекстан Республикасы сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Баҳромжон Аълоев Иран Ислам Республикасының Өзбекстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Мұхаммадали Искандаримен кездесу өткізді.
Сұхбат барысында саяси, сауда-экономикалық, көлік-логистика, мәдени-гуманитарлық және туризм салаларындағы екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен даму келешегі талқыланды.
Сонымен қатар өңірлік мәселелер, соның ішінде Таяу Шығыстағы жағдайды бейбіт жолмен шешу мәселелері бойынша пікір алмасылды.

Осы күні Б.Аълоев Израильдің Өзбекстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Гидеон Лустигпен де кездесті.
Кездесу барысында тараптар Өзбекстан мен Израиль арасындағы қазіргі қарым-қатынастар, өзара байланысты одан әрі дамыту бағыттары, сондай-ақ БҰҰ және басқа да халықаралық құрылымдар аясындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады.
Сондай-ақ өңірлік мәселелер, әсіресе Таяу Шығыстағы жағдайды дипломатиялық жолмен шешу қажеттігі ерекше атап өтілді.