Русский
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстан СІМ: Биологиялық қару жайлы ақпарат шындыққа жанаспайды
16:10 / 2021-06-22

22 маусымда Өзбекстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі мемлекет аумағындағы зертханалар биологиялық қару шығаруға арналған деген ақпаратты жоққа шығарып, ресми мәлімдеме жасады.

Соңғы уақыттарда Өзбекстанның батыс елдерімен биоқауіпсіздік саласындағы ынтымақтастығы жақын қоныстанған мемлекеттерге қауіп төндіреді деген негізсіз айыптаулар көбейді.

Бұл тұрғыдан атап айтқанда бірқатар БАҚ беттерінде Өзбекстандағы лабораториялар биологиялық қару өндіруге арналған деген қауесеттің мүлдем шындыққа жатпайтындығына назар аударғымыз келеді.

Айта кету керек, бұл зертханалар диагностикалық зерттеулерге арналған және тек бейбіт мақсатта қолданылады.

Сонымен қатар, Өзбекстан Бактериологиялық және улы қаруға тыйым салу туралы конвенцияның қатысушысы ретінде биологиялық қаруды өндіруге және жинауға қатаң түрде тыйым салады.

Өзбекстан тарапына кез-келген негізсіз мәлімдемелер екіжақты қатынастарда белгілі бір шиеленісті туғызады және ең бастысы, өзара сенімге негізделген мемлекетаралық диалогқа нұқсан келтіреді деп есептейміз, делінген СІМ хабарында.