Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстан СІМ басшысының орынбасары ТМД Бас хатшысымен телефон арқылы сөйлесті
12:03 / 2024-01-18

2024 жыл 17 қаңтарда Өзбекстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Рахматулла Нуримбетов ТМД Бас хатшысы Сергей Лебедевпен телефон арқылы сөйлесті.

СІМ мәліметінше, тараптар өткен жылғы ТМД саммитінің (Бішкек, 2023 жылғы 13 қазан) қорытындысы бойынша қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру барысын талқылады.

«Ұйым аясында Өзбекстан Республикасы Президенті алға қойған және көпжақты ынтымақтастықтың кең бағыттарын қамтитын бастамаларды іс жүзінде жүзеге асыруға ерекше назар аударылды», делінген  хабарламада.