Өзбекстан СІМ басшысы халықаралық сарапшымен кездесті
Өзбекстан Республикасының Сыртқы істер министрі Владимир Норов Өзбекстан Президентінің кеңесшісі Сума Чакрабарти Жобалық кеңсенің коммуникациялар жөніндегі сарапшысы Джонатан Чарльзды қабылдады.
СІМ хабарлауынша, Джонатан Чарльз Жаңа Өзбекстанда сөз бостандығы мен БАҚ-ты қолдауды қамтамасыз ету, мемлекет пен қоғамдастықты басқаруда ашықтық пен жариялылық қағидаттарын нығайту, қоғамдық бақылауды күшейту бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды жоғары бағалады.
Ақпарат және коммуникация саласындағы өзгерістер барысында алдыңғы қатарлы шетелдік тәжірибені, заманауи ІТ-технологияларды мен аналитикалық әдістерді зерделеу және енгізу бойынша ой-пікірлер алмасылды.
Өзбекстандағы ішкі коммуникацияларды нығайту және елдің халықаралық беделін арттыру бойынша ұсыныстар қарастырылды.
Джонатан Чарльз Өзбекстан үкіметіне бұдан былай тиісті салаларда белсенді түрде қолдау көрсетуге дайын екенін білдірді.