Өзбекстан СІМ басшысы Уругвай елшісінен сенім грамотасын қабылдады
2024 жыл 13 қыркүйекте Өзбекстан Республикасының сыртқы істер министрі Бахтиёр Саидов Уругвайдың Өзбекстандағы жаңадан тағайындалған Елшісі Даниэль Кастильос Гоместі қабылдады.
СІМ мәліметнше, кездесу барысында сыртқы істер министрліктері, парламенттер және басқа да мекемелер арасында белсенді диалогты дамыту қажеттілігі атап өтілген.
«Елдеріміз арасындағы екіжақты қатынастарды жандандыру жаңа мүмкіндіктердің есігін ашатыны және бұл барлық тараптардың мүддесіне сай келетіні айтылды. Министр елшіге Өзбекстандағы қызметіне табыс тіледі», делінген хабарламада.