French
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстан СІМ басшысы Сергей Лебедевпен кездесті
19:34 / 2021-10-21

2021 жыл 21 қазан күні Өзбекстан Республикасының Сыртқы істер министрі Абдулазиз Камилов Өзбекстан Республикасы Президентінің сайлауында Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы бақылау миссиясының басшысы ретінде Өзбекстанға келген ТМД Атқарушы комитетінің төрағасы - Атқарушы хатшысы Сергей Лебедевпен кездесті.

Кездесуде Достастық елдерінің делегациясының келуі ТМД бойынша серіктестеріміздің Өзбекстанда жүргізіліп жатқан реформалар мен өзгерістерге үлкен қызығушылығының растауы екені айтылды.

[gallery-4351]

ТМД байқаушыларына Өзбекстанда сайлау заңнамасын жетілдіру, парламент пен саяси партиялардың рөлін арттыру, саяси үдеріске қоғамдық бақылауды күшейту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы ақпарат берілді.

Сондай-ақ, жақында өткен ТМД Саммиті мен Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысының қорытындысы, қол жеткізілген келісімдердің орындалуы мен ТМД аясындағы ынтымақтастық перспективалары талқыланды.