Өзбекстан СІМ басшысы Римде итальяндық компаниялармен кездесу өткізді
2024 жыл 28 мамыр күні Өзбекстан Республикасының Сыртқы істер министрі Бахтиёр Саидов Рим қаласында 30-ға жуық итальяндық компанияның қатысуымен дөңгелек үстел отырысын өткізді.
СІМ хабарынша, министр Италияның жетекші компаниялармен энергетика, тоқыма, көлік, ақпараттық технологиялар, машина жасау және басқа да салалардағы бірлескен жобалардың болашағы туралы сұхбаттасқан.
«Кездесуде Өзбекстан мен Италия арасындағы экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықтың зор әлеуеті бар екені, әсіресе B2B диалогтарын құрудың маңыздылығы атап өтілді. Министр Италия Сыртқы істер министрінің орынбасары Мария Триподиге жан-жақты қолдау көрсеткені үшін алғысын білдірді», делінген СІМ ақпаратында.