2021 жылы 18 ақпанда жұмыс сапарымен Нұр-Сұлтан қаласына жұмыс сапарымен барған Өзбекстан Республикасының Сыртқы істер министрі Абдулазиз Камиловты Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қабылдады.
Өзбекстан СІМ мәліметінше, кездесуде министр Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзияевтің Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа жолдаған хатын тапсырды.
Кездесу барысында тараптар Өзбекстан-Қазақстан стратегиялық серіктестігінің қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын талқылап, сыртқы сауданы ұлғайтуға, өндірістік кооперацияны кеңейтуге, кәсіпкерлік субъектілері мен аймақтардың өзара іс-қимылын жеделдетуге, мәдени-гуманитарлық іс-шараларды ұйымдастыруға бағытталған бірлескен бағдарламалар мен жобаларды әзірлеуге және іске асыруға ерекше назар аударылды.
Тараптар Орталық Азиядағы қазіргі ахуал мен аймақтық ынтымақтастықты одан әрі кеңейту және тереңдету мүмкіндіктері, сондай-ақ жаңа перспективалық нарықтарға бірлесіп шығу жоспарлары туралы пікір алмасты.