2022 жыл 1 қыркүйекте Өзбекстан Республикасының Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушы Владимир Норов Мысыр Араб Республикасының Өзбекстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Амира Фахмиді қабылдады.
Кездесуде Өзбекстан-Мысыр ынтымақтастығы барлық салаларда қарқынды дамып келе жатқаны атап өтілді.
Жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтарды уақтылы және сапалы жүзеге асыру үшін тараптардың бірлескен шараларды қабылдауға дайын екендігі айтылды.
Алдағы іс-шаралардың кестесі, атап айтқанда, сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Өзбекстан-Мысыр үкіметаралық комиссиясының отырысы және екі елдің сыртқы істер министрліктері арасындағы консультациялардың кезекті раунды қаралды.
Экономикалық дипломатияны белсендіру перспективалары, сонымен қатар, іскер топтардың тікелей байланыстарын ынталандыру, бизнес-форумдар ұйымдастыру, тоқыма, ауыл шаруашылығы, фармацевтика және басқа да салаларда инвестициялық жобаларды жүзеге асыру жөнінде пікір алмасылды.
Біріккен Ұлттар Ұйымы, Ислам Ынтымақтастығы Ұйымы және Шанхай ынтымақтастық ұйымы аясындағы тараптардың қарым-қатынасына ерекше назар аударылды.
Мысыр делегациясының Самарқандтағы ШЫҰ саммитіне қатысуына қатысты ұйымдастыру аспектілері талқыланды.