Өзбекстан СІМ басшысы мен АҚШ елшісі бірлескен іс-шаралар кестесін қарастырды
Өзбекстан Сыртқы істер министрі Бахтиёр Саидов АҚШ елшісі Джонатан Хеникпен кездесті.
«Біз АҚШ-тың еліміздегі елшісі Джонатан Хеник мырзамен Сыртқы істер министрлігінде кездесу өткіздік», - деп жазды Өзбекстан Сыртқы істер министрлігінің басшысы өзінің Telegram-каналында.
Кездесуде екіжақты қарым-қатынастың маңызды тақырыптары мен бірлескен іс-шаралар кестесі талқыланған.
«Өзбекстан мен АҚШ арасындағы 2024 жылға арналған ынтымақтастық күн тәртібі жан-жақты және қарқынды», - деп жазған Бахтиёр Саидов.