Өзбекстан СІМ басшысы Малайзия Премьер-министрімен келіссөздер жүргізді
Куала-Лумпур қаласында Өзбекстан Сыртқы істер министрі Бахтиёр Саидов Малайзия Премьер-министрі Анвар Ибрагиммен кездесті.
«Мәртебелі Малайзия Премьер-Министрі Анвар Ибрагимнің қабылдауында болу біз үшін құрмет», - деп жазды Өзбекстан СІМ басшысы өзінің Telegram-каналында.
– Жоғары мәртебелі Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевтің сәлемін жеткіздік. Әңгімелесу барысында біз барлық бағыттар бойынша екіжақты қарым-қатынасты нығайтуға бағытталған кең ауқымды тақырыптарды, соның ішінде малайзиялық компаниялармен инвестициялық және өндірістік ынтымақтастықты кеңейту бойынша ұсыныстарды талқыладық, деген СІМ басшысы өз жасбасында.