Өзбекстан СІМ басшысы Люксембург елшісін қабылдады
2024 жыл 7 қарашада Өзбекстан Республикасы Сыртқы істер министрі Бахтиёр Саидов елдегі алғашқы Люксембург Елшісі болып тағайындалған Том Райзенді қабылдады.
СІМ мәліметінше, кездесу барысында екі ел арасындағы әріптестіктің жаңа мүмкіндіктерін зерттеп, оларды жүзеге асыру үшін екі елдің Сыртқы істер министрліктері бірлесе күш-жігерін арттыруы қажет екені атап өтілді.
«Күн тәртібіне іскерлік байланыстарды дамыту, сауда көлемін ұлғайтуға қолайлы жағдай жасау, екіжақты қатынастардың құқықтық негіздерін жетілдіру сияқты маңызды мәселелер енгізілді», делінген хабарламада.
Министр Елшіге Өзбекстандағы қызметінде сәттілік тілеген.