Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстан СІМ басшысы Жапония СІМ парламенттік орынбасарымен кездесті
10:44 / 2023-01-12

11 қаңтарда Өзбекстан Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушы Бахтияр Саидов Өзбекстанға сапармен келген Жапония Сыртқы істер министрінің парламенттік орынбасары Ёсикава Юумимен кездесті.

Сұхбат барысында бұрын қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру барысы, сондай-ақ түрлі деңгейде жоспарланған іс-шаралар кестесі туралы пікір алмасылыған.

«Парламентаралық байланыстарды жандандырудың маңыздылығы атап өтілді. Жапония парламентінің «Достық лигасы» елдер арасындағы стратегиялық әріптестікті нығайтуға зор үлес қосқаны сөз болып, «Орталық Азия-Жапония» диалогы аясында көлік, логистика, жаңартылатын энергия көздері, суды тиімді пайдалану және экология салаларындағы бірлескен жобаларды ілгерілету бойынша тараптардың ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделі екені хабарланды», делінген хабарламада.

Өзбекстан мен Жапонияның халықаралық институттар аясында өзара қолдау көрсетуге деген ынталылығы расталды. Білім беру, кадрлар даярлау және біліктілікті арттыру салаларында ынтымақтастықтың зор әлеуеті бар екені айтылған ведосмтво дерегінде.