Өзбекстан СІМ басшысы Жапония Премьер-Министрімен кездесті
Жапония Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, премьер-министр Фумио Кисида 6 наурыздан бері күншығар елде сапармен жүрген Сыртқы істер министрі Бахтиёр Саидовты қабылдады.
Алдымен Кисида министр Саидовты Жапонияға жасаған алғашқы сапарымен құттықтап, Ното түбегінде қаңтарда болған жер сілкінісіне байланысты Өзбекстаннан келген жанашырлық хаты үшін алғысын білдірді.
Сұхбат барысында маңызды стратегиялық серіктестер – Өзбекстан мен Жапония ынтымақтастыққа қатысты маңызды мәселелер бойынша, соның ішінде биылғы жылы өтетін «Орталық Азия + Жапония» саммиті бойынша келісті.
– Жапон үкіметінің басшысы Фумио Кисидамен әңгімеміз саяси диалогтан мәдени алмасуға дейінгі екіжақты тақырыптардың кең ауқымын қамтыды. Сыртқы істер министрліктері бұдан кейін дестратегиялық әріптестікті нығайтуда маңызды рөл атқара беретініне сенімдіміз, – деді Бахтиёр Саидов.