Өзбекстан СІМ басшысы Израиль елшісін қабылдады
2023 жыл 3 ақпанда Өзбекстан Республикасының Сыртқы істер министрі міндетін атқарушы Бақтияр Саидов Израиль Мемлекетінің Өзбекстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Зехавит Бен Хиллелді қабылдады.
СІМ мәліметінше, сұхбат барысында Өзбекстан-Израиль қарым-қатынастарының жай-күйі және оны одан әрі дамытудың басымдықтары, сондай-ақ БҰҰ және басқа да халықаралық ұйымдар аясындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды.
«Сауда-экономикалық және инвестициялық қатынастарды тиімді пайдалануға, сондай-ақ инновациялар, медицина, білім және туризм салаларындағы ынтымақтастық әлеуетіне ерекше назар аударылды», делінген хабарламада.
Сонымен қатар, алдағы өтетін кездесулер кестесі, ұйымдастыру және мазмұндық аспектілері, сондай-ақ Өзбекстан мен Израиль сыртқы істер министрліктері арасындағы консультациялардың кезекті раундын ұйымдастыру мәселелері талқыланғаны айтылады ведомство ақпаратында.