2023 жыл 11-12 наурыз күндері Өзбекстан Республикасының Сыртқы істер министрі м.а. Бахтиёр Саидов бастаған Өзбекстан делегациясы Иран Ислам Республикасында сапармен болды.
СІМ дерегінше, сапар аясында Өзбекстан СІМ басшысы Иран Ислам Республикасының Президенті Ибрагим Раисимен кездесті.
Одан бөлек, Иран Сыртқы істер министрі Хусейн Абдуллахиян, Жол және қала құрылысы министрі Мехрдад Базрпош, Өнеркәсіп, кен және сауда министрі, Өзбекстан-Иран үкіметаралық комиссиясының тең төрағасы Реза Фатеми-Аминмен кездесулер өткен.
«Келіссөздер барысында саясат пен дипломатия, сауда-инвестиция, көлік және логистика салаларындағы Өзбекстан-Иран ынтымақтастығын нығайту перспективалары қарастырылды. Тараптар биылғы жылға жоспарланған бірлескен іс-шараларға дайындық барысын талқылады. Экономикалық дипломатияны жандандыру мақсатында Өзбекстан мен Иранның көлік-коммуникациялық мүмкіндіктерін тиімді пайдалану жөнінде пікір алмасылды», делінген хабарламада.
Тегеранда ірі ирандық компаниялар басшыларының қатысуымен бизнес-форум ұйымдастырылып, онда фармацевтика, медициналық құрал-жабдықтар мен құрылыс материалдары өндірісі, химия және тоқыма өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы салаларындағы бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланған.
Сапар аясында Өзбекстан делегациясы Экономикалық ынтымақтастық ұйымының (ЭЫҰ) Бас хатшысы Хусрав Нозиримен кездесу өткізді. Келіссөздер барысында ИЫҰ кеңістігіндегі өңірлік ынтымақтастықтың түрлі аспектілері қарастырылғаны айтылады ведомство ақпаратында.